Жоғалған павлодарлық ер адам өлі табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалған павлодарлық ер адам өлі табылды © pavon.kz

Павлодарда 22 қаңтарда жоғалып кеткен жергілікті тұрғын Роман Малахов өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 22 қаңтарда жоғалып кеткен жергілікті тұрғын Роман Малахов өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.

Ол 22 қаңтарда таңертең шамамен сағат онның кезінде белгісіз бағытта үйінен шығып кетіп, оралмаған. Анасы 35 жастағы ұлының қайда жүргенін анықтау туралы өтінішпен жүгінді. Бірнеше сағаттан кейін Vita волонтерлері әлеуметтік желілерде ер адамға іздеу жариялаған.

Полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер бірлесіп көшелер мен кіреберістерді, құдықтар мен қараусыз қалған үйлерді, сауда орталықтары мен құрылысы аяқталмаған ғимараттарды тексерді. Іздеу шаралары бір тәулік бойы жалғасты.

 "23 қаңтар күні сағат 16:00-де Ертіс өзенінің жағасында сыртқы зорлық белгілері жоқ ер адамның денесі табылды. Аталмыш дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.    

Алдын ала болжам бойынша, ол қатты аязда үсіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшжамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети