“Жоғалған түні мамасына видео жіберген“. Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жоғалған түні мамасына видео жіберген“. Екібастұзда 9-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр Фото: instagram.com/dp_pavlodar

Екібастұзда түнде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен оқушы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда түнде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен оқушы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық еріктілер жоғалған 9-сынып оқушысына қатысты ақпарат жариялады. Іздеу жұмыстарына полицейлер, құтқарушылар және өңір тұрғындары қатысып жатыр.

"Полицияға 2009 жылы туған 9-сынып оқушысы Тамерлан Алданышұлы Өмірбаевты іздеуге көмек сұрап, туыстары жүгінген. Кәмелетке толмаған бала 22 қарашада түнгі сағат үш шамасында Әуезов көшесі, 157 мекенжайындағы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған", - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімнің бойы – 170-180 сантиметр, орта денелі, шашы қою қоңыр, көзі қоңыр, сол жақ бетінде қал бар. Үстінде ашық қоңыр-қара күрте, қара джинсы, бас киім және кроссовка болған. Жанында ұялы телефоны болған.

"Жоғалған түні оқушы теміржол бойымен кетіп бара жатқанын видеоға түсіріп, анасына жіберген. Осыдан кейін анасы полицияға жүгінген", - деді VITA жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді іздеуге республикалық "Қыс-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жатқан өңірдің ТЖД елеулі күштері мен техникалары жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та қолданылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети