Жоғалып кеткен 16 жастағы қыз өлі табылған: тың мәлімет айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғалып кеткен 16 жастағы қыз өлі табылған: тың мәлімет айтылды Фото: instagram/poisk_region_10

Қостанай облысының полицейлері бұрын жоғалып кеткен қыздың өлімі себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының полицейлері бұрын жоғалып кеткен қыздың өлімі себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 жастағы Дарья Тайронина 26 маусымда Әулиекөл ауылындағы үйінен шығып, жоғалып кеткен. Содан кейін полиция мен еріктілер оны іздеуге кірісті. 28 маусымда қыздың денесі Әулиекөл маңындағы ағаш егілген аумақтан табылғаны белгілі болды.

Қостанай облысының Полиция департаменті Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында қыздың өліміне механикалық асфиксия себеп болғанын хабарлады.

"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауға алынды. Жан-жақты және объектив тергеу үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қостанай облысының Полиция департаменті.

Полиция сараптама қорытындысы шықпай сексуалдық сипаттағы әрекеттер болып-болмағаны туралы пікір бере алмайтынын атап өтті. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети