22 қаңтар 2019 | 11:26

Жоғарғы сот Челахтың үкімін өзгеріссіз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Жоғарғы соттың сот алқасы өмір бойына сотталған Владислав Челахтың арызын қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жоғарғы соттың сот алқасы өмір бойына сотталған Владислав Челахтың арызын қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы сот кассациялық сот алқасы қылмыстық іс бойынша барлық сот актісін өз күшінде қалдырды, ал Владислав Челахтың арызын қанағаттандырусыз қалдырды. 

"Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөнінде сот алқасы үкім шығарды: Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сотының Челах Владислав Валерьевичке қатысты шыққан үкімін өзгертусіз қалдырылсын. Түсіндіріліген үкім сотталушы Челахқа және процеске қатысушы барлық мүшесіне жіберіледі", - деді Жоғарғы сот қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясының судьясы Абай Рахметулин. 

Жоғарғы сот кассациялық инстанциясы өмір бойына сотталған Владислав Челахтың арызын қарастырып жатыр

Еске салайық, 18 қаңтарда Қазақстанның Жоғарғы соты Владислав Челахтың ісін қайта қарайтыны хабарланды. Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш түсірді.

Еске салайық, сот шекарашыны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Челах 2012 жылдың мамыр айында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталды. Апелляциялық және кассациялық сот алқасы оның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети