Жоғарғы сот экс-прокурорды ақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы сот экс-прокурорды ақтады КТК/видео кадры

Жоғарғы сот тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатты деп айыпталған Алматы қаласы Наурызбай ауданының бұрынғы прокуроры Виктор Тихоновты ақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы сот тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатты деп айыпталған Алматы қаласы Наурызбай ауданының бұрынғы прокуроры Виктор Тихоновты ақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 қыркүйекте өткен сот отырысында сот экс-прокурорға қатысты үкімнің күшін жойды.

"Ол толық ақталды", - деді Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Елдос Жұмақсанов.

Еске салайық, Виктор Тихонов 2017 жылдың қазан айында ұсталған. Наурызбай аудандық ІІБ тергеушісі, аға лейтенант Ерлан Әнуарбекпен бірге оларға адамды қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатты деп айып тағылған. Сондай-ақ, экс-прокурорға сутенерге қамқорлық жасады деген айып тағылған. 2018 жылдың шілдесінде сот оларды үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети