Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды Ерлан Қосмұратов. Фото: zhmb.sud.kz

Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Сенат Жоғарғы соттың судьясы Ерлан Қосмұратовты қызметінен босатты. Тиісті ұсынысты палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов жариялады, деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.

Жоғары сот кеңесі төрағасының айтуынша, Қосмұратов басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босатылды.

"Сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы соттың судьясы Ерлан Смадиярұлы Қосмұратовты басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Қосмұратов Мемлекет басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды", — деді Малахов.

Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети