Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды Асқаржан Кенжеғарин, Ғазиза Мұсабекова, Бейбіт Шермухаметов. Фото: sud.gov.kz

Мемлекет басшысының ұсынысымен Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты. Бұл туралы Сенат отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысының ұсынысымен Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты. Бұл туралы Сенат отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат шешімі бойынша, Асқаржан Кенжеғарин, Ғазиза Мұсабекова және Бейбіт Шармұхаметов судьялық қызметтен босатылды. Малаховтың айтуынша, Кенжеғарин мен Мұсабекова өз өтініштері бойынша, яғни зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен.

"Екі судьяның да 30 жылдан аса сот тәжірибесі бар. Асқаржан Қапезұлы сегіз жылдан аса уақыт бойы Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы қызметін атқарды және Жоғарғы сот судьясы болып жұмыс істеді. Ғазиза Шәмшитденқызы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасын басқарды және он жылдан аса уақыт бойы Жоғарғы сот судьясы болып жұмыс істеді", - деді Малахов.

Тағы бір судья Бейбіт Шармұхаметов зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды. Оның сот жүйесіндегі еңбек өтілі шамамен 26 жыл болады, 19 жылдан аса Жоғарғы сотта жұмыс істеген.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы барлық судьяның кәсіби беделі жоғары екенін атап өтіп, Сенат депутаттарынан Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауды сұрады. Нәтижесінде депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 499.49  course up  580.27  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети