Қазақстанның елордасында "Астана-дуатлон 2016" ашық турнирі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-министр Кәрім Мәсімов қалған қатысушылар секілді 25 шақырым қашықтықты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының құрметіне жүгіріп өтті.
Қазақстанның елордасында "Астана-дуатлон 2016" ашық турнирі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-министр Кәрім Мәсімов қалған қатысушылар секілді 25 шақырым қашықтықты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының құрметіне жүгіріп өтті.
Спорт жарысы үш дистанциядан тұрды - бес шақырымға жүгіру, 15 шақырым жолды велосипедпен жүріп өту және қайтадан 5 шақырым жүгіру. Үкімет басшысымен қатар жарысқа Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Даму Банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов және басқалар қатысты. Дуатлонға жалпы шамамен 500 адам қатысты.
"Әділбек Рыскелдіұлы қала басшысы болып тұрғанында Астанада дуатлон өткізу туралы идея айтқан еді. Ал қазір ол басқа қызметте. Бірақ идея орындалды. Мен оған уәде бергенмін, міне, бүгін қатыстық. Қала күнінің қарсаңында бұл барлық астаналық үшін және еліміздің барлық тұрғыны үшін үлкен мереке", - деді Кәрім Мәсімов.
Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, биыл дуатлонның қашықтығы бес шақырымға ұзарыпты. "Өткен жылмен салыстырғанда, биыл керісінше, оңай болды. Біз рекорд жасадық. Шамамен бір сағат 50 минутта жүгіріп өтетін шығармыз деп ойлағанмын, сөйтсек, бір сағат 25 минутта келдік. Нәтиже жақсарып келеді, сондықтан жаттығу керек. Айтпақшы, журналистер велосипедке отырып, біздің соңымыздан жүруі керек. Келесі жолы барлығыңызға форма кигізіп, премьер-министрдің соңынан барлығымыз жүгіруіміз керек", - деді ПӘ жетекшісі.
Жарыс қорытындысында "51 жас және одан асқандар" категориясында Болат Жәмішев жеңіске жетті. Ол қашықтықты 1 сағат 9 минутта жүгіріп өтті. Еске салайық, 2015 жылы ол Алматыда өткен марафонда алтын алған болатын. Экономист 42,195 шақырымды 4 сағат 3 минут 54 секундта жүгіріп өткен еді. Ерлер арасында ол 82-орын алды, алайда "55-59" деген өз жас тұжырымында ол бірінші болып келді.
© Тұрар Қазанғапов
Болат Жәмішев. © Шокқан Алхабаев
Еске салайық, "Астана-дуатлон" былтыр тұңғыш рет өткен еді. Сол кезде шараа Астананың экс-әкімі Әілбек Жақсыбеков пен Александр Винокуров қатысқан болатын.