Жоғары оқу орындарының рейтингін жемқорлық деңгейі бойынша жасау ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстанда жоғарғы оқу орындарындағы жемқорлық деңгейі бойынша рейтинг жасау ұсынылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жоғарғы оқу орындарындағы жемқорлық деңгейі бойынша рейтинг жасау ұсынылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біз "STOP-Қылмыс" партиялық жобасының аясында елдегі жоғарғы оқу орындарындағы жемқорлық деректерін анықтауға бағытталған "Таза сессия" акциясын өткізіп жатырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, біз ҚР Білім және ғылым министрлігіне нақты кеңестер жібердік. Дәл осы акциялардың аясында жоғарғы оқу орындарының жемқорлық деңгейі туралы рейтинг енгіззу ұсынылды", - деді Нұрлан Сыдықов. Оның айтуынша, бұл акция осы жылы да өткізеді. 

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тәкір Балықбаев "Таза сессия" акиясының аясында "Жас Отан" жастар қанатымен жұмыстың жалғасатынын атап өтті.

"Жас Отан" жоғарғы оқу орындарының жемқорлық деңгейі бойынша рейтинг жасауды ұсынды. Қазіргі уақытта біз зерттеу жүргізіп отырмыз. Мұнымен қатар, "Жас Отан" жастар қанаты "Таза сессия" акциясының аясындағы жұмыстың жалғасуына келісім алды", - деді вице-министр. Ол білім және ғылым министрлігінің жоғарғы оқу орындардағы жемқорлықты жоюға жоспарлы жұмыс жүргізіп отырғанын айтып, ведомствода жоғарғы оқу орындарындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі координациялық кеңестің жұмыс істейтінін ескертті.

Еске сала кетейік, Астанада партиялық бақылау комитетінің отырысында Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы сессия тапсыру құны жария болғаны хабарланған еді. "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанаты "STOPҚылмыс" партиялық жобасы шеңберінде "Таза сессия" акциясын өткізіп, Қазақстан студенттері арасында сауалнама алды. "Мысалға, ЖОО-лардың бірінде 12 мың теңгеге бір пәннің емтиханын тапсыруға болады, келесі бір оқу орнында бұл қаржыға бүкіл сессияны тәмамдауға болады. Ел бойынша сессия тапсырудың орташа құны - 29 мың теңге, бір пәннің емтиханын тапсыру - шамамен 5 мың теңге. Курстық жұмысты сатып алудың орташа құны - 13 мың теңгеге жуық. Ең арзандары 2-3 мың теңгеден басталады. Республика бойынша дипломдық жұмыстың орташа құны 60 мың теңгеге тең. Ең арзан жұмысты 30 мың теңгеге сатып алуға болады", - деді Сыдықов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro