Жоғары Сот кеңесі құрамын тағы бір рет қайта қарау керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғары Сот кеңесі құрамын тағы бір рет қайта қарау керек - Тоқаев Фото:depositphotos.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің құрамын қайта қарау қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің құрамын қайта қарау қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада судьялардың IX съезінің ашылуында Мемлекет басшысы сот жүйесі құқықтың үстемдігін қамтамасыз ете алатынын, тәуелсіз және кәсіби судьялар корпусы кезінде ғана азаматтардың құқықтары мен мүдделерін объектив және бейтарап қорғай алатынын атап өтті.

"Осы мақсатта 2021 жылы Жоғарғы Сот кеңесінен Әділет министрі мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы шығарылды. Судьяларды қабылдаудың бүкіл процесінің объективтілігін қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот кеңесі құрамын тағы бір рет қайта қарау керек. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай органдарда прокуратура өкілдері болмауы керек", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Жоғары Сот кеңесінің теңгерімді құрамын қалыптастыру мәселесін мұқият пысықтау қажет.

"Сонымен қатар, судьяларды өз құзыретін үнемі арттыруға, жұмысқа адал және жауапкершілікпен қарауға ынталандыру қажет. Мен Жоғарғы Соттың судьяларға біліктілік сыныптарын беруді қайтару туралы ұсынысын қолдадым. Судьялардың кәсібилік деңгейін бағалау процесі барынша объектив болуы қажет. Бұл қадам судьялар корпусының кадрлық әлеуетін нығайтуға үлес қосатынына сенімдімін", - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети