07 сәуір 2023 | 09:58

"Жол апаты болған жоқ": Алматы полициясы велосипедшінің оқиғасына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полиция департаменті "жолда қағып кеткен" велосипедшімен болған оқиғаның мән-жайын анықтауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.


Алматы полиция департаменті "жолда қағып кеткен" велосипедшімен болған оқиғаның мән-жайын анықтауды аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматы қаласының полицейі велосипедшіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткені туралы ақпарат тарады.

"Осы ЖКО тергеу барысында қызметкерлер, жас велосипедшіні қағып кеткен Toyota Solaris автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Оның айтуынша, оқиға орнына полиция қызметкерлері мен дәрігерлер келіп үлгерген.

Осы көліктің жүргізушісі Достық даңғылымен оңтүстікке қарай қозғалып келе жатып, кері бұрылғанын айтты. Сол кезде солтүстікке қарай қозғалып келе жатқан велосипедші көлікпен соқтығыспау үшін тежегішті басып, құлап қалған. Бұл сәт бақылау камерасының бейнежазбасынан анық көрінеді", - делінген хабарламада.

Бұрылып үлгерген Toyota Solaris жүргізушісі артқы айнадан қыздың құлап қалғанын көрді. Бұл көшеде аялдауға тыйым салынғандықтан, ол басқа көшеге бұрылып, көлігін тастап оқиға орнына жаяу жетіп, "102" және "103" қызметтерін шақырған.

"Полицейлер велосипед пен оның көлігінің арасында ешқандай байланыс болмағанын анықтағандықтан, апатты тіркемеген. Дәрігерлер қызды ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта ол операцияға дайындалып жатыр, жақ сүйегінің жарақаты бар.

Бірінші кезекте тұрған полиция көлігінің бұл оқиғаға еш қатысы жоқ. Тәртіп сақшылары деректерді мұқият тексергеннен кейін қорытынды шығаруға, ал БАҚ-ты жалған ақпарат таратпауға шақырады", - деп қорытындылады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети