Жол апаты құрбандарының 25%-ы жылдамдық салдарынан болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"СТВ" телеарнасындағы "Кәсіби әңгіме" бағдарламасы "СТВ" телеарнасындағы "Кәсіби әңгіме" бағдарламасы

Адам өліміне соқтыратын жол-көлік оқиғаларының 25%-ы жылдамдықты асырып жүретін жүргізушілердің кесірінен болады. Бұл туралы Жаннат Ертілесованың "Кәсіби әңгіме" бағдарламасының эфирінде ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеханың айтуынша, бүгінде жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болатындардың саны 100 мың адамға шаққанда 18 адамды құрайды. "Жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарға соқтыруының негізгі себебі - жүргізушілердің жылдамдық режимін бұзуы, барлық оқиғаның 25%-ы осы себептен болды, бұл оқиғалар 900 адамның өмірін жалмаған, жол-көлік оқиғаларының 10%-ы қарама-қарсы бағытқа шығып кетудің салдарынан болады, мұндай себептен болған апаттардан 500 адамның өмірі қиылды", - дейді бағдарлама қонағы. Комитет төрағасының айтуынша, барлық жол апатының 3%-ы алкогольден мас күйде рульге отырудың салдарынан болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселесіне қатысты басқа да жайттарды бүгін "СТВ" телеарнасының эфирінде сағат 20.30-да көрсетілетін "Кәсіби әңгіме" бағдарламасынан толығырақ біле аласыздар. Хабарға Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов та қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro