03 тамыз 2018 16:04

Жол апатынан аяғынан айырылған алматылық қызға протез салу үшін ақша жиналды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет видеодан алынған Сурет видеодан алынған

Алматыда қоқыс таситын көлікпен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 15 жастағы оқушы Екатерина Нагинскаяға протез салу үшін қаржы жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда қоқыс таситын көлікпен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 15 жастағы оқушы Екатерина Нагинскаяға протез салу үшін қаржы жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ерікті Кира Ударцева Facebook желісіндегі парақшасында хабаралады. Өзінің жазбасында ол бей-жай қарамаған барлық азаматқа алғысын айтып, Екатерина Нагинскаяға протезді Мәскеуде жасайтынын және оның көмегімен жүруді үйреніп жүргенін хабарлады. 

Еске сала кетейік, алматылық 15 жастағы оқушы Екатерина Нагинская велосипедпен келе жатып, қоқыс таситын көліктің астына түсіп кеткен. Оқиға 2018 жылы 28 наурызда болған. 

ЖКО-дан кейін қызға жедел ота жасалды. Сол аяғының бір бөлігі алуға тура келді. Содан кейін Екатеринаның туыстары мен достары протез салдыру қаржы жинайтынын хабарлаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети