24 қараша 2020 | 14:50

"Жол беруге болмайды!" Министр Алматыда Sulpak алдындағы ағаштарды кесу туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматыда Төле би көшесіндегі сауда үйі алдында ағаштарды кесу дерегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматыда Төле би көшесіндегі сауда үйі алдында ағаштарды кесу дерегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше біз Алматыда ағаштарды жабайылықпен кесу фактісіне куә болдық. Оқиғаның қоғам ашуын тудыруы орынды. Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды!" - деп жазды министрі Twitter желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазір елімізде атмосфералық ауаның ахуалын жақсарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп, Экокодекс қабылданып жатыр, Президент 2 миллиардтан аса ағаш егуге тапсырма берген. Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, "осындай жұмыс кезінде мұндай заңсыз ағаш кесу жағдайы орынсыз".

Министр биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен ағаш кесуге қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша Заңға өзгерістер енгізілгенін еске салды: 1 ағаш кесілсе, орнына 10 ағаш егу өтемақысы енгізілді, айыппұл көлемі екі есеге артты.

Сондай-ақ, Мырзағалиев табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырды.

"Бір ағаш жайқалып өсуі үшін ондаған жыл керек. Келешегіміз - біздің экологиялық мәдениетіміздің деңгейіне тікелей байланысты", - деп жазды министр.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Ол Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети