02 қазан 2020 09:48

Жол бойындағы 23 миллион теңгенің дәретханалары: бұл сомаға не кіреді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтыр Қазақстанда жол жиегіндегі әрқайсы 23 миллион теңге тұратын заманауи дәретханалар орнатыла бастады. Небәрі бірнеше жылдың ішінде осындай 300-ден аса санитар торап салу жоспарланған болатын, алайда оның құны кейбір қазақстандықтың наразылығын туғызды. Tengrinews.kz тілшісі бұл сомаға не кіретінін анықтады.


Былтыр Қазақстанда жол жиегіндегі әрқайсы 23 миллион теңге тұратын заманауи дәретханалар орнатыла бастады. Небәрі бірнеше жылдың ішінде осындай 300-ден аса санитар торап салу жоспарланған болатын, алайда оның құны кейбір қазақстандықтың наразылығын туғызды. Tengrinews.kz тілшісі бұл сомаға не кіретінін анықтады.

"ҚазАвтоЖол" басшысы Ұлан Әліповтің айтуынша, жаңа дәретханалардың орналасуы бірнеше бөліктен тұрады. Олардың ішіндегі ең қымбаты - санитар торапты пайдалану кезінде суды өте жақсы үнемдейтін вакуумдық жүйе. Оның құны 14 миллион теңге.

"Біздің заманауи дәретханаларымызда ұшақтар мен пойыздарда қолданылатын технологияны пайдаланғымыз келеді. Себебі біздің ел аумағы өте үлкен және байланыс барлық жерде жоқ. Ауылдан алыс жерде дәретхана салу үшін электр қуаты мен су тартып, қалдықты ағызып отыру керек", - деді ол.

"Ал Еуропада өндірілетін вакуумдық жүйе бір адамға немесе бір пайдалану кезінде 200 грамм су жұмсайды. Бұл жүйенің артықшылығы - ресурстар жақсы үнемделеді. Бөшкедегі су бірнеше күнге жетеді. Ал гравитациялық жүйеде су үнемі таусыла береді. Үш адам дәретханаға барса - су жоқ", - деп қосты ұйым басшысы.

Қалған тоғыз миллион теңгеге бұзақылар бүлдіріп кетпейтін унитаздар мен айналар сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, бұл сомаға санитарлық бөлмені әсемдеу кіреді.

"Бұл сомаға құрылымның өзі және электр қуатын тарту да кіреді. Дәретхананың ішінде климатты бақылау жүйесі мен кофеқайнатқыш бар. Мұның бәрі 23 миллион теңге тұрады. Алайда мұндай дәретханаларды орнату идеясы қазақстандықтарға ұнамады. Сондықтан біз бұл жобаны жеке компанияларға беруді ұйғардық", - деп атап өтті Әліпов.

Оның мәліметінше, республикалық жолдардың бойында 651 алаң бар, оларда күркелер, кірпіш дәретханалар, автокөлікті жөндеуге арналған арнайы орындар бар.

"Бұл алаңдарды кәсіпкерлерге ұсындық. Біздің тарапымыздан алаңдарды қоқыстан және қардан тазалау, ал олардың тарапынан дәретханалармен бірге модульдік павильондар орнату жоспарланды. Немесе бұл дүкен, кафе және басқалары болуы мүмкін. Күрделі ғимараттар салу үшін бізде 240 алаң бар, олардың жанында қосымша жер бар. Онда үлкен кешен салуға болады. Біз алаңды ұсынамыз, ал кәсіпкерлер сонда ақша табады. Біз әкімдік арқылы оған жер алуға және осындай жобаға "Даму" қоры арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеуге көмектесеміз", - деді "ҚазАвтоЖол" төрағасы.

Ұлан Әліпов осындай жанармай құю станциясы, супермаркет, асхана және дәретханасы бар алғашқы кешен Алматы-Қапшағай жолының 20-шақырымында салынып жатқанын хабарлады.

"Мұндай кешендерді жеке компаниялардың бірі Қазақстан бойынша тағы 34 орында салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ірі жанармай құю желілері де жылы және таза дәретханалар болатын кешендер салғысы келеді. Осылайша біз жол бойындағы дәретханалар мәселесін ішінара шешеміз", - деді ол.

"Жанармай құю бекеттерінде және басқа да күрделі ғимараттарда дәретханалар тегін болады, ал жеке жуынатын бөлмелерде пайдалану ақылы", - деді Әліпов.

Бұған дейін 2022 жылға дейін инвесторлар есебінен еліміздің тасжолдарында 282 заманауи дәретхана салу жоспарланғаны хабарланған еді. Жол бойындағы санитар тораптардың жалпы саны бизнесмендердің ұсыныстарына байланысты өзгеруі мүмкін. Бірақ биылдың өзінде мердігерлердің есебінен осындай 22 дәретхана пайда болуы тиіс.

Еске салайық, былтыр қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол бойындағы дәретханалардың жай-күйіне наразы болған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети