23 наурыз 2021 17:55

Жол жабылып, рейстер кешіктірілді. Нұр-Сұлтандағы ауа райы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда қарлы дауыл болып, әуежайдағы рейстер кешіктіріліп, жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда қарлы дауыл болып, әуежайдағы рейстер кешіктіріліп, жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалың қардың түсуіне байланысты елордадағы жолдардағы жағдай тұрақты бақылауда, қар тазалау бойынша арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларына жол бермеу үшін барлық қажет шараны қабылдайды, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмектеседі, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деп хабарлады елорданың ПД өкілдері. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Turar Kazangapov (@kazangapov.kz)

Полиция жүргізушілерді алыс сапарларға тасжол арқылы барудан бас тартуға, ауа райы мен тасжолдар туралы хабарламаларды ескеріп отыруға шақырды. 

"Көлік кептелісін болдырмау үшін, сонымен қатар, жылдамдықты және қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін бағытты алдын-ала жоспарлау қажет", - деді департамент өкілдері.

"Ауа райы жағдайларына байланысты Нұр-Сұлтан - Жезқазған рейсі тоқтатылды. Сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Жел күшейеді, екпіні секундына 12-17 метрге дейін жетеді. Ауа райы жағдайына байланысты екі рейс Алматыға жіберілді. Бұл - Шымкент - Нұр-Сұлтан және Қостанай - Нұр-Сұлтан рейсі. Түсіністікпен қарауды сұраймыз, біз жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бәрін жасаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Ол жолаушылардан әуежайдың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы өздерінің рейстері туралы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ әуекомпаниялардан ақпарат алуды сұрады.

Кейінірек ол 20.00-ге дейін аэродром қардан тазарту жұмыстарына байланысты жабылатынын айтты. Қызылорда - Нұр-Сұлтан рейсі Қарағандыдағы аэродромға жіберілді.

Нұр-Сұлтанды қарлы дауыл басты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети