22 шілде 2016 | 15:10

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Lexus жүргізушісі жазасын әпсәтте алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube каналының видеосынан кадр YouTube каналының видеосынан кадр

Алматыда Lexus жүргізушісі Жол қозғалысы ережесін бұзғаннан кейін жазасын әпсәтте алды, - деп хабарлайды Motor.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Lexus жүргізушісі Жол қозғалысы ережесін бұзғаннан кейін жазасын әпсәтте алды, - деп хабарлайды Motor.kz.

Оқиға 20 шілдеде болған. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісінің әрекеті әл-Фараби даңғылының бойында түсірілген. Куәгер даңғыл бойымен рұқсат етілген жылдамдықпен жүріп келе жатқан, ол сонысымен шамасы бір жерге асығып бара жатқан Lexus LX 570 көлігіне "кедергі" болған. Жол талғамайтын көлік шамымен бірнеше рет "жол бер" деп нұсқаған, алайда куәгер оған жол бермеген, себебі оң жағында өтуге болмайтын сызық болған және де видео авторына басқа бір көлік кедергі жасаған. 

Lexus күткісі келмей, видео авторынан оң жақ бетімен оза шығып, кенеттен тежегішті басып қалған. Ол мұнысымен апатты жағдай туғызған. Жақын жерде кетіп бара жатқан жол-патрульдік полиция қызметкерлері заң бұзушылықты көріп, дереу әрекет жасап, Lexus жүргізушісіне жол жиегіне тоқтауды бұйырған. Айта кетейік, мұндай қылығы үшін жүргізушіге ҚР ӘҚБ кодексінің 606-бабы бойынша 10 АЕК айыппұл салынады. 

"Артымнан асыққан "Лексус" 570 тура сағатына 60 шақырымнан аспау керек жерден қоймай дабыл қағып, шамын жағады. Ол ереже бұзып жатқанын елеген де жоқ, сондықтан тоқтаған жоқпын. Жолдарыңыз болсын!" - дейді видео авторы Sergey Kim.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети