Қазақстанның жол құрылысында қазақстандық қамтудың үлесі 95 пайызды құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегия 2050 сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президентінің Жолдауы төңірегінде Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша құқықтық қамтамасыз етуге арналған дөңгелек үстел барысында айтты.

"Бүгінде жол құрылысындағы қазақстандық қамтудың ең үлкен үлесі 95 пайызды құрады. Мультипликативтік әсер өте жоғары, барлық құрылған жұмыс орындары бірқатар салада қосымша бірнеше жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді ол.
Вице-министр атап өткендей, ЖҚЖК-2020 аясында республикалық бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде 12 миллиард теңгесі жол желісін жөндеуге бағытталды.
"1600 жобаны жүзеге асыру үшін 8 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 3300 адам қамтылды. Биыл автожолдарда 100 мың адам жұмылдырылды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда уақытша 80 мың адам жұмыс істеуде", - деді ол.
Айта кетейік, әкімдіктің мәліметінше, республикалық және жергілікті бюджет есебінен облыстық және аудандық автожолдарда тұрақты жұмыспен 22 мың адам қамтылды, 7 мың жұмыспен қамту арқылы жұмыспен қамтылды.