Жол қызметкерлері қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол қызметкерлері қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде көктайғақ, тұман болады. Осыған байланысты жол қызметкерлері жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркістан, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдардың көрінуінің шектелу қаупі бар.

Павлодар облысында көктайғақ пайда болуы мүмкін. Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында екпіні 18-20 м/с жел соғады деп болжанады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети