ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қыркүйек 2019 | 12:31
Жол-патруль полициясына жезл қайтарылды
Қазақстанда жол қозғалысын реттеу үшін жезлдарды қайта қолдана бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жол қозғалысын реттеу үшін жезлдарды қайта қолдана бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлеріне жезл қайтарылды. Ведомство өкілдері ол тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланылатын хабарлады.
"Жезл әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және көрініс нашар кезде, сондай-ақ, көлік құралдарын мынадай жағдайларда бағыттау үшін пайдаланылады:
- жол-көлік оқиғалары және кептеліс кезінде, оның ішінде бағдаршамдар сөнгенде;
- көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру;
- терроризмге қарсы операцияларды және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және (немесе) жою кезінде", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеуде жезлмен бірге жарық шағылыстырғыш кеудеше мен қолғап киіп тұрады. Сондай-ақ, олар қосымша сигнал беру үшін ысқырғыш пайдаланады.
Жезлдарды қайтаруға бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі олар бар. Еске салсақ, қазақстандық полицейлер жезлды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануды тоқтатқан. Содан бері олар көлікті қолмен тоқтататын.
Показать комментарии
Читайте также