01 қыркүйек 2019 12:31

Жол-патруль полициясына жезл қайтарылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі Сурет: ІІМ баспасөз қызметі

Қазақстанда жол қозғалысын реттеу үшін жезлдарды қайта қолдана бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жол қозғалысын реттеу үшін жезлдарды қайта қолдана бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлеріне жезл қайтарылды. Ведомство өкілдері ол тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланылатын хабарлады.

"Жезл әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және көрініс нашар кезде, сондай-ақ, көлік құралдарын мынадай жағдайларда бағыттау үшін пайдаланылады:

- жол-көлік оқиғалары және кептеліс кезінде, оның ішінде бағдаршамдар сөнгенде;

- көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру;

- терроризмге қарсы операцияларды және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және (немесе) жою кезінде", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеуде жезлмен бірге жарық шағылыстырғыш кеудеше мен қолғап киіп тұрады. Сондай-ақ, олар қосымша сигнал беру үшін ысқырғыш пайдаланады.

Жезлдарды қайтаруға бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі олар бар. Еске салсақ, қазақстандық полицейлер жезлды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануды тоқтатқан. Содан бері олар көлікті қолмен тоқтататын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети