16 шілде 2019 | 12:39

Жол сапасы бойынша 106-орын: QazAvtoJol пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Avesta-News.Kz © Avesta-News.Kz

Дүниежүзілік экономикалық форумының жариялаған ақпаратына сәйкес, жолдардың сапасы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 106-орында тұр. "QazAvtoJol" ҰК" АҚ өкілдері бұл мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік экономикалық форумының жариялаған ақпаратына сәйкес, жолдардың сапасы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 106-орында тұр. "QazAvtoJol" ҰК" АҚ өкілдері бұл мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Форумға жолдардың сапасы жөніндегі ақпаратты еліміздегі "Стратегиялық бастамалар орталығы" (есеп түрінде) берген. Ал орталық өз кезегінде заңды тұлғалардан әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы ақпарат жинайтынын айтып отыр. Мысалы, жолдардың сапасы бойынша сауалнама жүргізу әдістемесі орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінде онлайн өткізілген. Бұл сауалнамада тек республикалық маңызы бар жолдар ғана емес, облыстық және аудандық маңызы бар, елді мекендердің көшелеріндегі жолдар да қамтылады. Сұралатын заңды тұлғалардың құрамына: оның 55 пайызы қызмет көрсету саласындағы субъектілер, 30 пайыз - өнеркәсіп, 8 пайыз - Ауыл шаруашылығы және 7 пайыз - шағын кәсіпкерлік субъектілері кіреді", - деп пікір білдірді компаниядағылар.

Сондай-ақ, олардың айтуынша, Қазақстанда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы - 85,6 мың шақырым. Оның ішінде 24 100 шақырым республикалық маңызы бар жолдар, яғни, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ жауапкершілігіне еліміздегі автожолдың 28 пайызы ғана тиесілі.

"Дүниежүзілік экономикалық форумында Open Street Maps b Google Directions және Geonames деректер базасына негізделген республикалық маңызы бар жолдар сапасының жай-күйінің рейтингісі жүргізіледі. Соның ішінде 10 немесе одан да көп ірі экономикалық қалаларды байланыстыратын маршрут қозғалысының орташа жылдамдығының көрсеткіші бойынша (жол қозғалысы сапасының индексі) Қазақстан 140 елдің ішінде 59-шы орында тұр. Қазіргі уақытта "QazAvtoJol" ҰК" АҚ-ы қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ұзындығы 4 870 шақырым болатын 70 жобаны жүзеге асырып жатыр", - дейді компания өкілдері.

Компания өкілдерінің мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары деңгейінің көрсеткіші 51 пайызы жақсы, 36 пайызы қанағаттанарлық және 13 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда деп баға берілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети