Жол сапасы: мердігерлердің жауапкершілігі күшейтіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол сапасы: мердігерлердің жауапкершілігі күшейтіледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 185 мың шақырым болады, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 25 мың шақырым, жергілікті деңгейде 70 мың шақырым жол және елді мекендердің 90 мың шақырым көшелері бар.

2030 жылға дейін 4 мың шақырымға жуық автожол қайта жаңғыртылатыны айтылды. Биыл бірқатар негізгі жобаны аяқтау жоспарлануда, бұл ретте жобалық құжаттаманың дайындығы жоғары жаңа жобаларды: Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Доссор жолдары мен Сарыағаш, Петропавл, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өту жолдарын, сондай-ақ 2,5 мың шақырым автожолды орташа жөндеу маңызды.

Көлік, Қаржы министрліктеріне және ҚазАвтоЖолға мердігерлерді қаржыландыру мен айқындауды қамтамасыз ету, ал Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктеріне "кілтті тапсырғанға дейінгі" ірі жобаларды жедел жүзеге асыру үшін мемлекеттік сараптама мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының қатар өту тетігін әзірлеу және бекіту тапсырылды.

"Олжас Бектенов шұғыл шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударды. Жетісу, Алматы облыстарын қоса алғанда, Ұлттық сапа орталығы тарапынан ескертулерге қарамастан нысандарды қабылдау тәжірибесі жалғасып жатқан өңірлер аталды", - делінген хабарламада.

Мердігерлердің кепілдіктерін қадағалау және сапасыз материалдарды пайдалану мәселелері атап өтілді. Мысал ретінде, Павлодар тас жолының бетон төсемі көтеріліп жатқаны аталды, Солтүстік Қазақстан облысында тексерілген сынамалардың 43 пайызы сапа стандарттарына сәйкес келмеген. Елді мекендердегі тұрғындар тарапынан жол сапасына қатысты ең көп сын Атырау және Түркістан облыстарында тіркелген.

Премьер-министр кепілдік мерзімін ұлғайтуды және мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін сапасыз орындағаны үшін мердігерлік ұйымдар жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.

Премьер-министр едәуір көлемде бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, кейбір өңірлерде оны игеру баяу жүріп жатқанын атап өтті. Мәселен, Абай облысында – 42 пайыз, Ақтөбеде – 52 пайыз, Ақмолада – 56пайыз игерілген.

"Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды ескере отырып, Көлік министрлігіне және Ұлттық сапа орталығына 1 қазанға дейін барлық автожол жобаларының жүзеге асырылуын тексеруді тапсырамын. Оның қорытындысында анықталған кінәлілерді жазалау бойынша есеп пен ұсыныстар енгізілсін. Көлік және Қаржы министрліктеріне Ұлттық сапа орталығының қызметін күшейту бойынша шешімдер дайындауды тапсырамын", - деді Олжас Бектенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети