Семейде автобус жүргізушісімен жанжалдан кейін жолаушы 20 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер жолаушының автобус жүргізіп келе жатқан жүргізушіні ұрған сәтін видеоға түсіріп алған. Бұзақы сол күні ұсталды. Сот ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық ісін қарады.
И. есімді азамат №2 бағыттағы маршруттық автобуста жүргізушімен жанжал кезінде оған балағат сөздер айтқан. Сотта ол кінәсін ішінара мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғанын растады.
Сондай-ақ, маусымның басында бұл азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ("Спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар кезінде жеке тұлғалардың мінез-құлық қағидаларын бұзу") әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Іс материалдарын зерттеген сот ер адамды кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 2-бөлігінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айту, жеке тұлғаларға қорлайтын сөздермен тиісу және басқа да адамдарға құрметсіздік білдіретін осыған ұқсас әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғаны жиналған және зерттелген дәлелдемелермен расталады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, ер адамның автобус жүргізушісімен жанжалы куәгерлердің көзіне түскен. Видеодан қара бас киім киген ер адамның жүргізушіге айғайлап жатқаны, ал жолаушылардың оны тыныштандыруға тырысқаны көрінеді. Келесі кадрда бұзақы көшеде тұрып, бейәдеп қимылдар көрсетіп тұрғаны байқалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!