10 қыркүйек 2015 | 12:33

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қилыбай Нұрдәулет. Қилыбай Нұрдәулет.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің бұйрығымен "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасының (Президентінің) міндетін атқарушы болып Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай тағайындалды. Бұл қызметті бұрын Ермек Төлегенов атқарған еді.

Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысында дүниеге келген. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Ол тасымал процесін басқару жөніндегі инженер, қаржыгер. Оның еңбек жолы Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен байланысты. Еңбек жолын 1999 жылы "Қазақстан темір жолы" РМК Атырау тасымал бөлімінің Маңғышлақ станциясында кезекші ретінде бастаған. Кейін қабылдаушы-тапсырушы, бас маман болып қызмет етті.

2002-2008 жылдар аралығында "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-та түрлі лауазымды атқарды. 2008-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Жол қатынасы комитеті төрағасының орынбасары, "Вокзал-сервис" АҚ президенті, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры болды. 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-та, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басшы қызметін атқарды. 2013 жылдың тамызынан 2015 жылдың қыркүйегі аралығында "ҚТЖ" ҰК" АҚ Аппарат басшысы - басқарушы директоры болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети