Жолаушылар ұшақ бортына кірген кезде неліктен стюардессалар қарсы алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолаушылар ұшақ бортына кірген кезде неліктен стюардессалар қарсы алады? Фото:depositphotos.com

Бортсерік жолаушылардың ұшуға дайындығын тексеру үшін қолданатын шағын құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бортсерік жолаушылардың ұшуға дайындығын тексеру үшін қолданатын шағын құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дубайлық Emirates Airline әуекомпаниясының стюардессасы Рания TikTok-та бортсеріктердің жолаушыларды рейске отырғызу кезінде не үшін қарсы алып, оларға сәлемдесетіндерін түсіндірді. Бұл тек қызмет көрсету мәдениетінің бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың жай-күйін және сау екенін тексеру әдісі екен.

"Бортсерік сізді жай ғана сыпайылық үшін қарсы алмайды, сонымен қатар сіздің ұшуға дайындығыңызды бағалауға, тым мас немесе науқас еместігіңізді анықтау үшін амандасады", – дейді Рания.

Оның айтуынша, бортсеріктер төтенше жағдай туындаған жағдайда кім көмектесе алатынын да ойша бағалайды. Мысалы, физикалық тұрғыдан күшті, ағылшын тілінде сөйлейтін және жалғыз саяхаттап жүрген жолаушыларға апаттық шығу есігінің жанындағы орын ұсынылуы мүмкін.

Жалпы, бортсеріктер жолаушыларға амандасу кезінде қалыпты жауап қайтарып, "рахмет" деп айтуға кеңес береді, осылайша отырғызу кезінде қиындықтар туындамайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети