21 қаңтар 2022 | 15:38

Жолаушымын деп, кілтін лақтырып жіберген: Павлодарда мас жүргізуші ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғыны жүргізуші куәлігі болмаса да, рульге мас күйінде отырған. Полиция қызметкерлері оны тоқтатқан кезде жолаушылар отыратын орынға ауысып, кілтін лақтырып жіберген. Ер адам 25 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар тұрғыны жүргізуші куәлігі болмаса да, рульге мас күйінде отырған. Полиция қызметкерлері оны тоқтатқан кезде жолаушылар отыратын орынға ауысып, кілтін лақтырып жіберген. Ер адам 25 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, кешкі тексеріс кезінде қызметкерлер Нұрмағамбетов көшесінде жылдамдықпен келе жатқан және оқыс бұрылған ВАЗ-21110-ны байқаған. Кейін көлік жүргізушісі жақын маңдағы аулалардың біріне кіріп тоқтап, өзінің жолаушы екенін айтқан.

Видеода ер адамның жолаушылар отыратын орынға қалай тез ауысқаны, ал көліктен шыққаннан кейін кілтін жерге лақтырып тастағаны көрінеді. Бірақ полиция қызметкерлері үшін павлодарлық басқаша сылтау ойлап тауып, көлікті досы жүргізгенін, ол тез қашып кеткенін айтқан.

"Ұсталған адам мас болған, мұны алкоголь иісі мен дұрыс сөйлей алмағанынан байқауға болады. Бірақ мас екенін анықтау үшін медициналық тексерістен бас тартты. Сонымен қатар, оның көлікті басқаруға құқығы жоқ болатын", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Павлодар әкімшілік соты ер адамды ҚР ӘҚБК 613-бабы 9-бөлігі "Полиция қызметкерінің талаптарын орындамау, алкоголь, есірткі немесе уытқұмарлық мас күйін куәландырудан өтуден жалтару" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамауға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети