"Жөндеуге ақша беріңдер": мектеп чатындағы жанжал желіде қызу талқыға түсті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы мектептердің бірінде сынып жетекшісі ата-аналардан жөндеуге ақша беруді сұраған аудиожазба қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы мектептердің бірінде сынып жетекшісі ата-аналардан жөндеуге ақша беруді сұраған аудиожазба қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудиожазбадағы деректерге қарағанда, оқу жылының соңында кабинетке шағын жөндеу жұмыстарын жүргізбекші. Сынып жетекшісі ата-аналардан бір балаға мың теңгеден жинауды сұрайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Желіде жарияланған ата-аналардан ақша сұраған мұғалімнің түсініктемесі де пайда болды. Ол ата-аналардан ақша сұрамағанын тек демеушілік көрсетуді ұсынғанын айтады. 

"Мен осы кабинетте оқитын сыныптың сынып жетекшісі Арзиева Н.Н., ата-аналар жиналысын өткізу кезінде ата-аналардан демеушілік көмек көрсетуді өтіндім. Балалар оқу жылы бойы осы кабинетте оқыды. Жыл соңында жөндеу жұмыстарын жасасақ балалардың мүддесі үшін, өйткені келесі оқу жылында біз осы кабинетте оқуды жалғастырамыз. Жөндеуге ақша жинау туралы әңгіме болған жоқ, әсіресе оқушылар арасында", - деді мұғалім.

2018 жылы қазіргі білім министрі Асхат Аймағамбетов вице-министр болып тұрғанда білім саласының басшылары мен мектеп әкімшілігіне білім беру ұйымдарында бопсалауға, ата-аналардан ақша жинауға жол бермеуді  қатаң ескерткен болатын. Осы жылдар ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде ондаған мектеп директорлары мен мұғалімдері қызметтерінен шеттетілді.

Талғар ауданының білім басқармасы шулы аудиожазбаға қатысты пікір білдірді.

"Бұл Бесағаш ауылындағы № 29 мектеп. Директордан, сынып жетекшісінен түсіндірме хат алдық. Сынып жетекшісі ешкімнен ақша сұрамағанын тек демеушілік көмек көрсетуді өтінген айтады. Ал мұғалім аудиожазбаны монтаждалған дейді", - дейді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Құрманбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro