Жоңғар Алатауындағы қар барыстары жасырын камераға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 90 фотоқақпан сирек кездесетін жануарлардың мекендейтін жеріне құрылды. Мамандар ерекше кадрлар алды.
Жоңғар Алатауындағы қар барыстары жасырын камераға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 90 фотоқақпан сирек кездесетін жануарлардың мекендейтін жеріне құрылды. Мамандар ерекше кадрлар алды.
Зерттеу қар барысының тілшілер, актерлер, аранайы мамандар мен блогерлер экспедицияға барған Жоңғар Алатауын мекендейтінін көрсетті. Шараны ұйымдастырушылар барыстардың жойылып бара жатқанына қоғамның назарын аудару мақсатында актер Максим Акбаров пен видеоблогер, вайнер Нұрлан Батыровты шақырды. Айта кету керек, Нұрлан Батыров қызықты видеоролик түсіру үшін әйгілі "Ессіз әйел" персонажын да ала шықты.
Қазақстан нышанына айналған қар барысы жойылып бара жатқан жануар ретінде Қызыл кітапқа енген. Ілбістердің тым аз қалуы биологтардың үрейін туғызып отыр, сондықтан да олар бұл жануарды зерттеуді қолға алды. Қазақстанда небәрі 130 қар барысы қалды. "Ілбіс" жобасы Биоалуантүрлілікті сақтау Ассоциациясының ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің қолдауымен құрылды. Жобаға "Ілбіс" брендімен Carlsberg Kazakhstan компаниясы қолдау көрсетті, ал басты ақпараттық серіктес Tengrinews.kz болды. Дәл осы жерден оқырмандар барысты іздеуге арналған экспедиция барысымен танысып, толық ақпарат ала алады.
Айта кетейік, видеодан Жоңғар Алатауын мекендейтін барыстан басқа тау ешкілерін, маралдарды, аюлар мен балпақтарды, кекіліктерді көруге болады.