14 тамыз 2014 | 21:23

ЖОО түлектерінен жұмысқа орналасқаны туралы анықтама талап ету – заңсыз - Нұрлан Сыдықов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Сыдықов. Сурет nurotan.kz сайтынан алынды. Нұрлан Сыдықов. Сурет nurotan.kz сайтынан алынды.

«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов республика бойынша жүргізілген жасырын сауалнама нәтижесінде ЖОО-лар оқу орнын бітірер кезде түлектерден жұмысқа тұрғандығы туралы анықтама талап ететіні белгілі болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Нұр Отан" партиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

«Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырған Қазақстанның шетелдік студенттер ұйымдарының ІІІ Слетінде Нұрлан Сыдықов: "Түлек жұмыс істей ме, істемей ме – ол оқу орны үшін маңызды емес. Өз рейтингін жоғарлату үшін, әрі Ғылым және білім министрлігі алдында түлектердің 90 пайызы жұмысқа орналасты деп есеп беру үшін оқу орындары осындай анықтама талап етеді екен. Біз мұндай әрекетті заңсыз деп есептейміз. Осы мәселені қаперіңізге алсаңыз деген өтінішіміз бар», - деген. 

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы уақытта «Жас Отан» жастар қанаты еліміздегі ЖОО-лардың тәуелсіз рейтингін әзірлемек. Оны әзірлеу барысында білім орындары түлектерінің жұмысқа орналасуының, түлектердің біліктілігінің шынайы көрсеткіші негізге алынады. Бұл өз кезегінде жастардың алдағы уақытта білім сапасы жоғары оқу орнын жаңылыспай тауып, лайықты білім алуына септеседі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети