26 наурыз 2019 | 11:29

Жоспарда қосымша шығын жоқ - Смайылов елорданың атауын өзгерту туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайлов © primeminister.kz ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайлов © primeminister.kz

ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов елорданың атауын өзгертуге қаражатты қайдан іздейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов елорданың атауын өзгертуге қаражатты қайдан іздейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекеттік органдарға қатысты, яғни Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан ғимараттардың сыртында ілінетін тақтайшаларды ауыстыруға қаражат жыл сайынғы мемлекеттік органдарды қаржыландырудан алынады. Бланкалық өнімдерге келетін болсақ, біздің мемлекеттік органдар электронды құжат айналымына көшті, сол себепті құжаттарды шығаруға айтарлықтай қаражат жұмсалмайды. Бұл шығындар бар қаражаттың аясында іске асырылатын болады", - деді Смайылов үкіметте өткен баспасөз конференциясында. 

Сондай-ақ, ол нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қосымша шығындар қажет еместігін атап өтті.

"Жергілікті атқарушы органдар көрсететін маңдайшаларға келер болсақ, олар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мен кеше қала әкімімен сөйлестім. Жалпы, ескірген маңдайшалар мен көрсеткіштерді ауыстыруға жергілікті бюджетте жыл сайын 40 миллион теңге қарастырылған. Олар қандай да бір қосымша қаражат бөлуді жоспарлап отырған жоқ", - деді Смайылов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети