01 шілде 2022 13:55

Жосықсыз қызмет көрсету белгілері бар компаниялар тізімі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Жосықсыз қызмет көрсету белгілері бар ұйымдардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жосықсыз қызмет көрсету белгілері бар ұйымдардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұндай тұлғалардың (азаматтар мен ұйымдардың) өз бетінше және (немесе) делдалдарды тарта отырып немесе жоғары кірістілік төлеуге уәде бере отырып, олардың атынан басқа адамдар әрекет ететін ақша тарту жөніндегі қызмет белгілері болады", - делінген хабарламада.

Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарын білдіретін қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде жасалғаны айтылды. Қазіргі уақытта тізімге 154 субъект кіреді.

Ұйымдардың толық тізімін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сайтынан көруге болады. Сілтемені басқаннан кейін "Құжаттарды жүктеу" батырмасын басыңыз.

"Тізімдегі субъектілердің қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясынан тыс. Тиісінше, клиенттердің оларға көрсетілетін қаржылық қызметтер бойынша құқықтары заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған. Осыған байланысты, агенттіктің тізімінде көрсетілген тұлғалармен қаржылық операциялар жасау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін салынған қаражаттан айырылудың жоғары тәуекелдеріне алып келуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тізімді жариялау қолданыстағы алаяқтық схемалар мен жалған активтер туралы халықтың хабардар болуын арттыруға, тұтынушыларға осындай компанияларға салымдар бойынша шығын алудың жоғары тәуекелі туралы уақтылы ескертуге, осылайша алданып қалу ықтималдығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети