ЖСДП сайлауға қатысудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЖСДП сайлауға қатысудан бас тартты Фото: instagram.com/osdp.kz

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов партиялар сайлауға бойкот жариялауы, сол арқылы "қалыптасқан жағдайға көзқарасын көрсетуі" керегін айтты. Рахымжанов сайлауды бақылаудан бас тартуды да ұсынды.

Ол партия жұмысын жалғастырып, жаңарту курсын жариялауы керек екенін айтты. 

"Жай ғана белгіні өзгерту емес, бізде ұтқырлық жетіспейді, оны мойындау керек. Біздің бағдарлама 2012 жылы қабылданды, бірақ өмір өзгерді. Партия бағдарламасының жаңа жобасын келесі съезге дайындау керек, сын-қатерлерге тезірек әрекет ету үшін партия жарғысына өзгерістер енгізу туралы ойлану қажет", - деді Рахымжанов партия съезінде.

Нәтижесінде 32 адам бойкотқа дауыс берді, үшеуі қарсы, бесеуі қалыс қалды.

Еске салайық, Мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети