ЖСДП Смайыловқа қарсы дауыс беру шешімін түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЖСДП Смайыловқа қарсы дауыс беру шешімін түсіндірді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжанов фракцияның Әлихан Смайылов кандидатурасына қарсы дауыс беру шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжанов фракцияның Әлихан Смайылов кандидатурасына қарсы дауыс беру шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз парламенттік оппозиция ретінде фракциямызбен жиын өткіздік, мен жетекші ретінде Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қарсы дауыс беруіміз керек деген ұсыныс жасадым. Өйткені былтырдың қорытындысы көңіл көншітпейді. Бізде инфляция 20 пайыздан асты. ЖЭО-дағы бітпейтін апаттар. Тіпті қарапайым автокөлік несиесінде де көп сұрақ туындайды. Премьер-министрлікке кандидат ұсыну біздің құзырымызда емес, бірақ мен оның қандай болуы керек екенін білемін", - деді Рақымжанов Мәжіліс отырысында.

Фракция мүшесі Нұрлан Әуесбаев Қазақстанда тұратын 20 миллион адамның ішінде "жұмысты (премьер-министрдің - еск.) жақсы атқаратын адам табылады" деп есептейді.

"Президент Тоқаев жақсы бастамалар ұсынып отыр, бірақ бұл міндеттерді бұл Үкіметпен шешу мүмкін емес. Мен бұл лауазымда кімді көретінімді айта алмаймын. Бірақ біз Үкіметтің атқарған жұмысына көңіліміз толмайды. Біз бұл туралы ашық айтамыз. Құдайға шүкір, 20 миллион халық бар, жақсы жұмыс істейтін адам табылады. Үкіметте қателіктер жетеді. Ең бастысы - әлеуметтік саясат", - деді Әуесбаев сөзінде.

Журналист Рахымжановтан премьер-министр ретінде кімді көретінін сұрады.

"Пікір айтқым келмейді. Бірақ (жаңа премьер-министр - еск.) кәсіби маман болуы керек. Оның бойында қандай қасиеттер болуы керек?! Ол азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік және ішкі саясат мәселелерін бірінші орынға қоюы керек. Өйткені азаматтарымыздың байлығының жыл сайын төмендеп жатқанын көріп отырмыз. Инфляция, өнім бағасының, тарифтердің өсуі", - деп жауап берді ол.


Еске салайық, ЖСДП фракциясы Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қарсы шыққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети