Төмендетілген бағамен 12,5 мың тоннадан аса дизель отынын алған ЖШС 2,2 мың тонна дизельді заңсыз сатып 74,4 миллион теңге қосымша кіріс алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
"Жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оператордың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізуге монополиялық жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады.
Мәселен, 2020-2021 жылдары төмендетілген бағамен жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан аса дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын ЖШС-ға тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 миллион теңге қосымша кіріс алған", - делінген хабарламада.
Дерек бойынша соталды тергеу басталды.
"Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген ҚМА хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!