Жүк көлігін жүргізетін талдықорғандық әйел: Табысы миллионға жуық

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүк көлігін жүргізетін талдықорғандық әйел: Табысы миллионға жуық © tengrinews.kz

Талдықорғандық 30 жастағы Айша Нұрмекенова ерекше мамандық таңдаған. Әйел екі жылдан бері жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғандық 30 жастағы Айша Нұрмекенова ерекше мамандық таңдаған. Әйел екі жылдан бері жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандық таңдауда Айша көп ойланбаған. Оның әкесі ұзақ жылдар бойы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген, қазір ол қызымен бүкіл Қазақстанға жүк жеткізеді.

"Әр адам өзіне ұнайтын іспен айналысуы керек. Бұл жұмыс маған ұнайды. Қазір тек Қазақстанды аралап жүрмін. Отбасыма уақытым жеткілікті. Үйге аптасына бір рет келемін, кейде екі апта бойы болмаймын", - дейді жүк көлігінің жүргізушісі.

Айшаның тапқан табысына көпшілік қызғанышпен қарайды. Оның айылық табысы бір миллион теңгеге жуық. 30 жастағы келіншек қыз тәрбиелеп отыр, жалақысы бүкіл отбасына жетеді.

"Өзім тұрмыста емеспін, 12 жастағы қызым бар. Біз Талдықорғанда ата-анаммен тұрамыз. Анам үй шаруасындағы әйел, қызыммен отырады. Мен әкеммен бірге жүремін", - дейді Айша.

Бүгінде Нұрмекенов отбасының гаражында жүк тасымалдауға арналған бір көлік бар. Болашақта Айша өзінің жеке үйін сатып алып, Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді аралауды көздеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети