29 қараша 2021 | 12:14

Жүкті әйелдерде коронавирус неге асқынатыны айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Дәрігерлер жүкті әйелдердің коронавирус кезінде қандай асқынулардан зардап шегетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан акушер-гинекологтар федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер жүкті әйелдердің коронавирус кезінде қандай асқынулардан зардап шегетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан акушер-гинекологтар федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында Нұр-Сұлтан ауруханасында коронавирус жұқтырған 1541 жүкті әйел жатты. Тек 320 әйелде инфекция асимптоматикалық болды.

1221 науқаста қызба, жөтел, ентігу, диарея, тамақ ауруы, қалтырау және миалгия секілді клиникалық белгілер байқалды.

"Биыл бізде коронавирустан уақытында емделмеген бір әйел қайтыс болды. Уақытында ауруханаға жатқызылмаған, өз бетінше емделіп, екпе алмай жүре берген. 2021 жылдың тоғыз айында үш жүкті әйел қайтыс болды. Екі әйел коронавирустан, біреуі қатерлі ісіктен көз жұмды. Қазір акушерлік асқынулармен болатын өлім-жітім аз, біз мұнымен күресуді үйрендік, бірақ қиын жағдайлар болды", - деді Астана медицина университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, акушер-гинеколог Зайтуна Хамидуллина Нұр-Сұлтандағы конференцияда.

Науқастардың 20 пайыздан азы бөртпе, бас ауруы, әлсіздік және тәбеттің төмендеуіне шағымданды. Өкпе ауруына 1190 әйел тексерілді. 357 әйелде өкпе зақымдануының екі жақты белгілері, 618-де бір жақты белгілері болды. 215 жүкті әйелде өкпе аурулары анықталған жоқ.

Жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерде жеңіл және симптомсыз COVID-19 амбулаториялық негізде байқалды.

Жүкті әйелдердің көпшілігі 2021 жылдың шілде-тамыз айларында ауруханаға жатқызылды - 1247 жағдай. Дәрігерлер мұны қаладағы коронавирустың ең жоғары деңгейімен байланыстырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети