29 қараша 2018 11:57

Жүктіліктің мерзімін дұрыс қоймаған: Байқоңырда дәрігер 2 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Байқоңырда акушер-гинеколог жаңа туған сәбидің өлімі үшін 2 жылға сотталды. Дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Байқоңырда акушер-гинеколог жаңа туған сәбидің өлімі үшін 2 жылға сотталды. Дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, сотталушы жүкті әйелге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету кезінде кәсіби және қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамай, салдарынан жаңа туған сәби қайтыс болған.

Сарапшылардың айтуынша, дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген - 38-39-апта деп белгілеген. Байқоңырлық мамандардың қорытындысы бойынша жүктіліктің мерзімі 40-41 апта деп көрсетілген. Ал Қызылордадағы сарапшылардың қорытындысы - 40 апта 3 күн деп белгіленген.

Осыған байланысты сот гинекологты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтесін деген шешім шығарды.

Сондай-ақ, сотталушы екі жылға акушерлік-гинекологиялық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети