ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2018 | 11:57
Жүктіліктің мерзімін дұрыс қоймаған: Байқоңырда дәрігер 2 жылға сотталды
Байқоңырда акушер-гинеколог жаңа туған сәбидің өлімі үшін 2 жылға сотталды. Дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Байқоңырда акушер-гинеколог жаңа туған сәбидің өлімі үшін 2 жылға сотталды. Дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына қарағанда, сотталушы жүкті әйелге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету кезінде кәсіби және қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамай, салдарынан жаңа туған сәби қайтыс болған.
Сарапшылардың айтуынша, дәрігер жүктіліктің мерзімін дұрыс белгілемеген - 38-39-апта деп белгілеген. Байқоңырлық мамандардың қорытындысы бойынша жүктіліктің мерзімі 40-41 апта деп көрсетілген. Ал Қызылордадағы сарапшылардың қорытындысы - 40 апта 3 күн деп белгіленген.
Осыған байланысты сот гинекологты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтесін деген шешім шығарды.
Сондай-ақ, сотталушы екі жылға акушерлік-гинекологиялық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Показать комментарии
Читайте также