“Жүктімін“ деп алдаған: әйел сотта жазадан құтылғысы келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жүктімін“ деп алдаған: әйел сотта жазадан құтылғысы келді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада сот мас күйінде көлік жүргізіп, жазадан құтылу үшін өзін "жүктімін" деп алдаған қала тұрғынына үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада сот мас күйінде көлік жүргізіп, жазадан құтылу үшін өзін "жүктімін" деп алдаған қала тұрғынына үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның егжей-тегжейін қала әкімдігінің баспасөз қызметі қалалық прокуратураның ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Астана прокуратурасы басқармасының басшысы Саламат Тәңірбергеннің айтуынша, бүгінде мас күйінде көлік жүргізу жолдардағы өрескел бұзушылықтардың бірі.

"Көбінесе мұндай бұзушылықтарды әйелдер жасайды. Құқықбұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын кездер де болады.

Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгеніп, қамауға алынбау үшін сотқа жүктілік туралы анықтама өткізген, ал ол жалған болып шықты", - деді ол.

Сот әйелді 15 күнге қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Сонымен қатар, жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Прокуратураның мәліметінше, осы жылдың басынан бері елордада 19 мың 459 жол-көлік оқиғасы болған, оның 118-інде жүргізушілер мас күйінде болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети