Алматыда "Аула аумағын үздік көгалдандыру - 2021" байқауы жарияланды. Жеңімпазға 5 миллион теңге жүлде беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматыда "Аула аумағын үздік көгалдандыру - 2021" байқауы жарияланды. Жеңімпазға 5 миллион теңге жүлде беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"Қала күні қарсаңында аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының басталғаны туралы хабарланды. Тұрғын үй иелері бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары http://ecovid.kz сайтында өтінім бере алады. Жеңімпаз 5 миллион теңге алады", - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де.
Бұл сома жеңімпазға ауланы көгалдандыруға қажетті құрал-сайман, өсімдіктер сатып алуға берілетіні хабарланды.
Байқау аулаларды абаттандыру және көгалдандыруға, тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін бағалау және экологиялық ахуалды жақсарту үшін ұйымдастырылып отыр.
Байқауға тұрғындар, меншік иесі ұйымдары мен пәтер иелері кооперативтері қатыса алады.
Іс-шара ауланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қала тұрғындарының назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған.
"Жұмыстарды бағалау кезінде олардың мәдени-эстетикалық, тәжірибелік, жаңашылдық ерекшеліктеріне назар аударылады. Байқауға қатысу үшін www.ecovid.kz сайтында тіркеуден өтіп, өтініш қалдыру қажет. Марапаттау салтанаты Қала күні - 19 қыркүйекте өтеді", - деді әкімдік өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!