Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жұлдыздар мен тілшілер қар барысын іздеу үшін Жоңғар Алатауына аттанды

09 Шілде 2015, 09:41
0
© Денис Середин
© Денис Середин

Жоңғар Алатауына "Барысты іздеуде" атты көпкүндік экспедиция басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қатысушылар тауда бірнеше күнде 90 фотоқақпан құрулары керек. Осының арқасында жойылып бара жатқан барыстардың саны анықталады. Алдын ала болжам бойынша, елімізде 110-130 барыс қалған.

Сарапшылардың айтуынша, барыс жойылып кетудің алдында тұр. "Біз олардың саны мен мекендейтін жерлерін, браконьерлерден келетін қауіпті анықтағымыз келеді. Қазір барыстарды күзететін арнайы аумақ құру ойластырылып, оларды сақтау жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспар құрылып жатыр, - деді Биоалуантүрлілікті сақтау Ассоциациясы кеңесінің төрағасы Вера Воронова. - Осыған дейін болған бірнеше экспедициялардың арқасында біз керемет фотолар мен видеолар ала алдық. Олардың өте сирек кездесетіні соншалық, біздің хайуанаттар бағында бірде-бір барыс жоқ. Ол 12 елдің - Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан, Непал мен Бутанның Қызыл Кітаптарына енген. Қар барыстары құпия өмір сүреді, сондықтан да олардың санын объективті бағалау қиын", - деді ол.

Қар барысын сақтау жобасына Carlsberg Kazakhstan компаниясы қолдау көрсетті, ал басты ақпараттық серіктес Tengrinews.kz болды. Экспедицияға қатысушылар арасында Tengrinews.kz қызметкерлерінен Сұңқар Қарабалин, Роза Есенқұлова және актер Максим Акбаров пен видеоблогшы Нұрлан Батыров та бар.

Айта кетейік, жаңа фотоқақпандар Қазақстандағы қар барыстарының санын анықтауға көмектеседі. Жыртқыш ретінде қар барыстары таудың басында өмір сүреді. Осыған орай барыстардың санын Орта Азияның таулы жерлері мен жақын аумақтардан анықтауға болады.

© Tengrinews.kz

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай