Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР Үкіметі қаулысымен Қарағаев Жұмабай Ғаббасұлы энергетика вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Губкин атындағы Мәскеу университетінің түлегі, техника ғылымдарының кандидаты.
Әртүрлі жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жеке компанияның басшысы, Атырау қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды.
Жұмабай Қарағаев Атырау облысы әкімінің орынбасары, Атырау облысының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі болған.
Биыл қыркүйектен Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.