Жұмағалиев Нидерланд короліне сенім грамоталарын тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмағалиев Нидерланд короліне сенім грамоталарын тапсырды © ҚР СІМ

Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиев Нидерланд королі Виллем-Александрға салтанатты түрде сенім грамоталарын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиев Нидерланд королі Виллем-Александрға салтанатты түрде сенім грамоталарын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, рәсімнен кейін "Нордеинде" сарайында дипломаттың монархпен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған басым мәселелерді талқылады.

Елші Ұлы мәртебелі Корольді Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатымен және экономикалық бастамаларымен таныстырды. Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерландпен кешенді ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беретінін және жоғары деңгейдегі байланыстар екі ел арасындағы сенімді диалогтың берік негізін қалағанын атап өтті.

"Өз кезегінде Король Виллем-Александр екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айрықша атай отырып, Нидерланд Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі өрбітуге мүдделі екенін белгілеп өтті. Ол сондай-ақ 2014 жылғы наурызда Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін еске түсірді. Дипломат Елбасының сол Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның ядролық сынақ полигонын бірінші болып жауып, сонымен қатар ядролық қарудан ерікті бас тартқаны туралы айтқаны туралы қосты.

Осыған орай ол 2021 жылы Н. Назарбаевтың әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу арқылы қауіпсіз және орнықты әлемнің қалыптасуына ерекше үлес қосқан тарихи шешімінің 30 жылдығы атап өтілетіндігі туралы хабарлады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети