Жұманғарин министрліктің кесірінен кәсіпкерлер қолдаусыз қалғанын мойындады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин министрліктің кінәсінен кәсіпкерлер қолдаусыз қалғанын ашық мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин министрліктің кінәсінен кәсіпкерлер қолдаусыз қалғанын ашық мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Николай Арсютиннің айтуынша, министрлік былтыр "KazakhExport" сақтандыруға жататын несиелер мен лизингтік операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 600 миллион теңге жұмсауды жоспарлаған.

Бірақ бұл ақшаны бірде-бір экспорттаушы алмаған. Сондықтан қаражат пайдаланылмай қалған. Бұл ретте қалыптасқан жағдайдың себебі ретінде субсидиялау ережелерінің жоқтығы аталды.

"Сіздердің министрліктеріңіз осы ережелерді әзірлеуі керек емес пе? Бұл неге дер кезінде жасалмады? Неге институт 2022 жылдан бастап жұмыс істемеді? Министрліктің кінәсінен бизнес тоқтап қалды. Мемлекетте қолдау көрсетпейді. Осы жағдай нарықтағы шығынға әкеліп соқтырды", - деді Мәжіліс депутаты Жұманғаринге.

Министрдің сөзінше, субсидиялаудың өзекті ережелері әлі де бар. Былтыр заң қабылданған. Алайда бұл мәселені түпкілікті шешу үшін қазір Парламентте тұрған экспортты сақтандыру агенттігі туралы заң жобасын қабылдау қажет.

"Бірінші оқылым маусым айының соңына жоспарланған деп естідім. Бұл заң жобасы қазірдің өзінде толық назарда. Оның басты себебі - дұрыс жоспарланбаған", - деді шенеунік.

"Түптеп келгенде, мемлекет қолдауынсыз қалған кәсіпке кім кінәлі?" - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

"Мен министрдің кінәсін ақтамаймын. Жауап мынадай болуы мүмкін. Бұл министрліктің кінәсі", - деп мойындады Жұманғарин.

Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі қызметіне 2022 жылдың қыркүйегінде ғана келген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro