Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ресейліктер үшін шекараны жабу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ресейліктер үшін шекараны жабу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ресейліктермен бауырласпыз. Халық қиын жағдайға тап болғанда көмек көрсетпегеніміз қалай. Осыдан 80 жыл бұрын аталарымыз бірге майданда болды. Енді оларға: "Шекара жабық, келмеңдер" деп айтуымыз керек пе? Одан кейін өзімізді сыйлай аламыз ба? Бұл біздің ұлт ретіндегі ұлттық болмысымызға сәйкес келмес. Біз бауырмал, қонақжай халықпыз. Кезінде өз территориямызға 100 халықты қабылдағанбыз", - деп Жұманғарин Сенат отырысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
"Азық-түлікке келетін болсақ, біз оны қамтамасыз етеміз, бұл туралы алаңдамаңыздар. Біз азық-түлік тасымалдаушы көліктердің алға жылжуын жеделдетіп жатырмыз", - деді министр.
Ол өткен аптада Мәскеуде, дүйсенбіде Өзбекстанда, одан бұрын Қырғызстанда азық-түлік өнімдерін жеткізу туралы келіссөздер жүргізгенін айтты.
"Біз келісімдерге қол қойып жатырмыз. Кеше осында жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша Пәкістанның Сауда министрімен кездестім. Бұл бағытта тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп сендірді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!