Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Осыған дейін аталған қызметті атқарған Серік Жұманғарин берген өтініміне сәйкес лауазымынан босатылды", - делінген Үкіметтің хабарламасында.
Жұманғарин әр жылдарда Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директоры болып жұмыс істеді, Өңірлік даму комитеті төрағасы лауазымын атқарды, республиканың Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.