10 маусым 2018 11:58

Жұмбақ өлім: Аягөзде ант қабылдағаннан кейін көз жұмған сарбаздың дені сау болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Қорғаныс департаментінің баспасөз қызметі және медициналық комиссия төрағасы аймақтан шақыртылып, Аягөзге әскери борышын өтеуге кеткен 21 жастағы сарбаздың денсаулығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".


Қостанай облысы Қорғаныс департаментінің баспасөз қызметі және медициналық комиссия төрағасы аймақтан шақыртылып, Аягөзге әскери борышын өтеуге кеткен 21 жастағы сарбаздың денсаулығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".

Медициналық комиссия төрағасы және Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқарма жетекшісінің орынбасары Екатерина Слободенюк жігіттің әскерге жарамды болғанын мәлімдеді. 

"Облыстық медициналық тексеріс кезінде Кружнов Валерий аталған әскери бөлімде әскери борышын өтеуге жарамды болған. Оған "Кардиналды типтегі нейроциркуляторлы дистония" диагнозы қойылған, яғни, аздаған ғана шектеулер болғанымен, әскери борышын өтеуге жарамды", - дейді Слободенюк.

Қостанай облысының Қорғаныс департаменті қазіргі кезде өлім себебі анықталып жатқанын мәлімдеді. Сарбаздың өліміне қатысты сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Сонымен қатар, департамент өкілдері қайғылы оқиғаға қатысты марқұмның жақындарына көңіл айтты. 

"ҚР денсаулық сақтау министрлігімен келісілген қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес бұл диагнозбен аталған әскери бөлімде әскери борыш өтеуге рұқсат етілген", - деп атап өтті департамент өкілдері. 

Еске салайық, Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөлімінде ант қабылдағаннан кейін бірнеше аптадан соң Қостанайдан шақыртылған 21 жастағы сарбаз Валерий Кружнов көз жұмған еді. Қайғылы жағдай туралы марқұмның отбасына 8 маусымда естіртті. "Бізге оның ұйықтап жатқанда өліп кеткенін айтты. Әзірше мән-жай белгісіз. 9 маусымда сараптама жасалады, денесін Қостанайға алып келеді. Ұйықтап жатып қалай өліп кетуі мүмкін, түсінбейміз... Сұрақтар көп болғанымен, жауап жоқ", - дейді марқұмның туысы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети