Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова жұмыс берушілерге қызметкерлері уақытша жұмыссыз қалғаны үшін 42 500 теңге төлеу керегін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова жұмыс берушілерге қызметкерлері уақытша жұмыссыз қалғаны үшін 42 500 теңге төлеу керегін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жұмыс берушілер жұмыс орындарында кез келген тәуекелдерді болдырмауға міндетті екенін атап өткім келеді. Біз жұмыс берушілерге ЕК 112-бабына сәйкес, яғни бос тұрып қалу уақытына ақы төлеуді ұсынамыз, оған сәйкес олар қызметкерлеріне ең төменгі жалақы, 42 500 теңге төлеуге мәжбүр болады", - деді Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова онлайн-брифинг барысында.
Ол Еңбек кодексінің 112-бабына енгізілген өзгерістерді айтты. Оған сәйкес жұмыс беруші амалсыздан қызметінен босап қалған жұмысшысын рәсімдеу керек және оған 42 500 теңге көлемінде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін төлеуге міндетті.
Қызметкерге ЕТЖ төленбеген жағдайда, олар Қонаев көшесі, 122 мекен-жайы бойынша басқармаға бара алады.
"Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жұмыссыз қалған уақытта ең төменгі жалақы төленбегені туралы өтініш түссе, біз тексеруден кейін, дерек расталса, айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдануға мәжбүр боламыз. Шағын бизнес төлемегені және жалақыны кешіктіргені үшін 60 АЕК айыппұл төлеуге тиіс, орта бизнеске - 100 АЕК және ірі бизнес үшін - 150 АЕК", - деді Алматының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!