Алматы әкімдігі икемді жұмыс кестесіне өту қаладағы көлік кептелісіне қатысты мәселені шешпейді деп есептейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген ведомствоның баспасөз қызметінің жауабында айтылған. Мұндай бастама көлік кептелісімен күресу мақсатында қазіргі таңда Астана әкімдігінде қаралып жатыр. Қазақстан астанасындағы бірқатар кәсіпорын жұмыс кестесін икемді етуді жоспарлап отыр - сағат 7-ден 10-ға дейін және мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстыру.

Өз кезегінде Алматы әкімдігіндегілер бұл бастаманың құптарлық тұстарының бар екенін де айтты. "Бірқатар елде мұндай тәжірибенің бар екенін көріп отырмыз. Бір жағынан қаламызды дамытудың негізгі бағыттарының бірі де көлік кептелісімен күресу болып табылады, бірақ бұл мәселе терең талдауды талап етеді. Астанадағы жағдай бөлек. Көлік санына қатысты ахуал бізде осыдан жеті жыл бұрын болған. Алматы - тартылыс орталығы, сонымен қатар, мұнда кіретін транзиттік көліктердің саны күніне 200-ден 300 мыңға дейін жетеді. Сондықтан біз икемді жұмыс кестесіне өтсек те, ол мәселені шеше алмайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, әкімдіктегілер Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, мектептегі сабақтардың сағат сегізден ерте басталмайтынын айтты.
Еске сала кетейік, биыл қыркүйектің басында елорда әкімдігі мектептегі сабақтардың басталу уақытын өзгертуді ұсынды. Оған "Астана LRT" ЖШС жүргізген талдаудың нәтижелері негіз болды. Ол елордалық маршруттар мен көліктердің көше-жол желісіне үлкен салмақтың түскенін анықтады. Бұл маршруттар 17 мектеп орналасқан аудандарды басып өтеді. Алайда ол өзгерістің бірінші сыныпқа қатысы болмайды.